Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Якутия басшысын қабылдады

Жарияланған күні:

Айсен Николаев және Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото
Айсен Николаев және Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Саха (Якутия) Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға арнайы келген Айсен Николаевпен кездесуде өңіраралық ықпалдастықты нығайту және екіжақты байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлер арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамыту Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастардың ажырамас бөлігі саналатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Саха Республикасымен өнеркәсіп, сауда, IT-сектор, ауыл шаруашылығы және кен игеру индустриясы секілді түрлі салаларда ынтымақтастықты күшейтуге айтарлықтай мүмкіндік бар екеніне назар аударды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2158759-toqaev-iakutiia-basshysyn-qabyldady/