Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Татарстан Раисы Рустам Миннихановты қабылдады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рустам Минниханов. Фото
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рустам Минниханов. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға келген Рустам Миннихановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан Президенті осы халықаралық маңызды шараға арнайы келген Татарстан Раисына ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы Көшпенділер ойындарына Ресей құрамасының атынан көптеген спортшы қатысатынын, оның ішінде Татарстанның өкілдері де бар екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті сауда-экономикалық ынтымақтастық жоспарлы түрде дамып келе жатқанын айтып, машина жасау және мұнай-газ химиясы салаларындағы бірлескен жобаларды уақтылы әрі сапалы іске асырудың маңызына тоқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2158762-memleket-basshysy-tatarstan-raisy-rustam-minnihanovty-qabyldady/