Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстанның бірнеше елдегі елшілерін тағайындады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірнеше елдегі елшілерін тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарда.

Сондай-ақ мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Еркін Қадырбекұлы Ахинжанов Қазақстан Республикасының Біріккен Танзания Республикасындағы, Мозамбик Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлімхан Оңғарұлы Есенгелдиев Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2159245-toqaev-qazaqstannyng-birneshe-eldegi-elshilerin-tagaiyndady/