Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшы: Атом энергетикасын дамытуда Семей полигонының қайғылы тәжірибесін пайдаланбау – қылмыс

Жарияланған күні:

Алдияр Тоқтаров
Алдияр Тоқтаров. Фото: Алдияр Тоқтаровтың жеке мұрағатынан

Атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының төрағасы Алдияр Тоқтаров Nur.kz сайтына берген сұқбатында атом саласы туралы пікірталастарда ядролық қару мен АЭС-ті салыстыруға болмайтынын айтты.

Ядролық саланы дамыту қауымдастығы атом өнеркәсібі жобаларына сараптамалық қолдау көрсету үшін құрылған. Оның төрағасы Алдияр Тоқтаров Семей полигонының қайғылы тәжірибесі арқылы Қазақстан атом саласын алды деп есептейді.

"Біздің өркениет тарихында энергетика қандай болды – сен көмірді, мұнайды немесе газды тұтатасың, содан сенің пешің немесе домна пешің жұмыс істейді. Пешке қазандық пен бу турбинасын орнатсаң, су буланып, электр генераторының турбинасын айналдырады. Мен бұл технологияларды ойлап тапқан және жұмыс істеуін қамтамасыз еткен инженерлердің еңбегін жоққа шығармаймын, мен бұл жерде барлығы түсінікті және көзге айдай анық көрінетінін айтып отырмын. Атомды және оның ішінде жасырынған күшті бағындыру – адам қиялының таза туындысы. Егер бір кішкене бөлшекпен үлкенірек бөлшекті атқанда, оның басқа бөлшектерге де ұшатын көбірек бөлшектерге бөлінетінін қалай ойлап табуға болатынына мен өзім әлі таң қаламын, тізбекті реакция принципін қазір көп адамдар түсінеді. Бірақ 20-ғасырдың басында бұл тұжырымдама алдымен ғылыми қауымдастықтың, содан кейін бүкіл әлемнің санасын дүр сілкіндірді", - деді Тоқтаров.

Маманның пікірінше, бұл технологияны, алдымен қорқыту және жою мақсатында, содан кейін бейбіт мақсатта атом энергиясын бағындыруды қамтамасыз еткен әскерилер байқаған. Әскери ресурстарды жұмылдыру арқылы қарапайым тұрғындар үшін пайдалы технологиялар таратылған.

Алдияр Тоқтаров
Алдияр Тоқтаров. Фото: Алдияр Тоқтаровтың жеке мұрағатынан

"Сонымен біз Семей сынақ полигоны арқылы Қазақстанның атом саласын алдық. Сондай ақ полигонның тарихы басталған кезде Қазақстанның заманауи уран саласы да бастау алған болатын. Алдымен 1948 жылы Қазақстандағы уран кендерін іздестіру үшін Волков геологиялық барлау экпедициясын іске қосып, ол мұндай міндеттермен Қазатомөнеркәсіптің құрамында қазіргі күнде де "Волковгеология" АҚ ретінде айналысып келеді. 1949 жылы Үлбі металлургиялық зауыты құрылып, кәсіпорын Кеңестер Одағының бүкіл ядролық бағдарламасын қамтамасыз етті, ал қазір ол Қазатомөнеркәсіптің технологиялық артықшылығының негізі болып отыр. Олар болмаса уран өндірісі бойынша бірінші орында тұрған Қазақстан да болмаған болар еді, жиырма мың жұмыс орны мен экспорттық түсімнің миллиардтаған доллары да болмаған болар еді.

КСРО-да ядролық қарудың қалыптасуына себеп болған трагедия бізге мүмкіндіктер әкелді, Қазақстанның қазіргі ұрпағына оларды толыққанды пайдаланбау, былайша айтқанда, қылмыс болып саналады. Қазақстанның уран өндіруден әлемде бірінші орында екенін мақтанышпен айта отырып, ғылымымыз бен өнеркәсібіміздің жетістіктерін ескере отырып, оның барлығына ие болу қандай бағамен келгенін кейде еске түсіру керек, - деді Алдияр Тоқтаров. - Біз атом саласын осы трагедия арқылы алдық, бірақ ядролық қару мен ядролық отын, атом электр станциясы бір нәрсе емес. Иә, олардың негізі бір, бірақ олардың арасындағы айырмашылық қылыш пен қасық сияқты – екеуі де металдан жасалған, бірақ бірі өлтіру үшін жасалып, өткірленсе, екіншісі – өзіңді, бала-шағаңды тамақтандыру үшін жасалады".

Алдияр Тоқтаров
Алдияр Тоқтаров. Фото: Алдияр Тоқтаровтың жеке мұрағатынан

Атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының төрағасы атап өткендей, бүкіл әлемде атом энергиясы ежелден қоғамды дамыту құралы ретінде қызмет етіп келеді.

"Ғылыми-танымал комикстермен тәрбиеленген гиктер ғалымдар, өнертапқыштар және миллиард долларлық IT-компаниялардың негізін қалаушылар болды. Мен өзім де, көптеген құрдасым секілді мені радиоактивті өрмекшінің шағып алуын армандаған болатынмын. Ядролық қару сынақтары оятқан ежелгі құбыжық Годзилла адам жасаған Мехагодзилладан жеңілді. Бұлдамның бағынбайтындай болып көрінетін күшті қалай ауыздықтай алатындығына тікелей сілтеме Жапонияны технологиялық артықшылықтың синониміне айналдыруға ықпал етті. Жақында Қытай жас ұрпақ арасында ғылыми попқа қызығушылық артады деген болжалмен фантаст-жазушылар үшін атом электр станцияларына саяхат жүргізді. Біз Қазақстандағы технологияның дамуы мен өзіміздің нағыз бизнес көшбасшыларымыз туралы көп айтамыз. Біз оларды қалыптастыруды бір нәрседен бастап, оларды қоректендіруіміз керек", - деп түйіндеді сарапшы өз сөзін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2159971-sarapshy-atom-energetikasyn-damytuda-semei-poligonynyng-qaigyly-tazhiribesin-paidalanbau-qylmys/