Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасымен кездесті

Жарияланған күні:

Тоқаев Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасымен кездесті
Тоқаев Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасымен кездесті. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасы Вонг Хэн Файнды қабылдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Кездесуде Alatau City жобасын жүзеге асыру перспективасы талқыланды.

Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вонг Хэн Файн шетелдің инвестициясын, технологиясын және білім әлеуетін тарта отырып, Алатау қаласын тиімді дамыту жөнінде егжей-тегжейлі пікір алмасты.

Президент сингапурлық Surbana Jurong компаниясымен бірлесе дайындалған Алатау қаласының Бас жоспары биыл мамыр айында қабылданғанын айтты.

Мемлекет басшысы осы тектес жобаларды жүзеге асыруда Вонг Хэн Файнның мол тәжірибесі бар екенін атап өтті. Сондықтан оның бас консультант ретінде берген ұсынымдары халықаралық бизнес-хабқа айналуды көздейтін жаңа қаланы жобалау және салу ісінде нақты нәтижеге ұласатынына сенім білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2161045-toqaev-asia-infrastructure-solutions-singapore-kompaniiasynyng-toragasymen-kezdesti/