Қазақстанда тағы бір комитет құрылды
Жарияланған күні:
Үкімет "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы" қаулы қабылдап, соның нәтижесінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылсын", - делінген премьер-министр Олжас Бектенов 11 қыркүйекте қол қойған қаулыда.
Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
Өзгерістерден кейін Ішкі істер министрлігінің құрамы былай өзгерді:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы;
- Әкімшілік полиция комитеті;
- Көші-қон қызмет комитеті;
- Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;
- Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті.
Еске салсақ, бұған дейін Ішкі істер министрлігінде Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментін өзгерту арқылы жаңа комитет құрылатынын хабарлаған едік.
"Оның бөлімшелеріне мемлекеттік есірткі саясатын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функцияларды тиісті түрде іске асыру үшін қосымша өкілеттіктер мен штат саны бөлінеді", - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған қаулы жобасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2161327-qazaqstanda-tagy-bir-komitet-quryldy/