Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанаға Германия федералды канцлері Олаф Шольц келді

Жарияланған күні:

Олаф Шольц
Олаф Шольц. Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Германия федералды канцлері Олаф Шольц келді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Астана қаласының әуежайында Олаф Шольцті Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

"Германияның федералды канцлері Олаф Шольц "Орталық Азия + Германия" екінші саммитіне қатысады, оның шеңберінде сауда-экономикалық өзара іс-қимыл мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды қоса алғанда, кең ауқымды бағыттар бойынша стратегиялық ынтымақтастық пен әріптестік мәселелерін талқылау жоспарланып отыр", - делінген үкімет хабарламасында.

Германия Қазақстанның маңызды сауда және инвестициялық серіктесі саналады. Биылғы 7 айда өзара сауда көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға өсіп, $2,3 млрд болды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Германиядан Қазақстанға тікелей инвестициялар көлемі 64 пайызға ұлғайып, $770 млн-ға жетті. Қаражаттың негізгі бөлігі басымдық беріліп отырған экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германия федералдық канцлері Олаф Шольц 2024 жылғы 16-17 қыркүйекте Қазақстанға ресми сапармен келетінін жазған едік.

ҚР Президентінің баспасөз қызметі ресми сапар барысында Астанада жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ "Орталық Азия + Германия" форматындағы екінші кездесу өтетінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2161870-astanaga-germaniia-federaldy-kantsleri-olaf-sholts-keldi/