Тоқаев Ақордада Олац Шольцті қарсы алды
Жарияланған күні:
"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Германияның федералды канцлері Олаф Шольцті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Қазақстан президенті мен Германия федералды канцлері бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.
Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц келіссөз залына барды.
Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Германия федералды канцлері Олаф Шольц келгенін жазған едік.
Астана қаласының әуежайында Олаф Шольцті Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
"Германияның федералды канцлері Олаф Шольц "Орталық Азия + Германия" екінші саммитіне қатысады, оның шеңберінде сауда-экономикалық өзара іс-қимыл мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды қоса алғанда, кең ауқымды бағыттар бойынша стратегиялық ынтымақтастық пен әріптестік мәселелерін талқылау жоспарланып отыр", - делінген үкімет хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германия федералдық канцлері Олаф Шольц 2024 жылғы 16-17 қыркүйекте Қазақстанға ресми сапармен келетінін хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2161908-toqaev-aqordada-olats-sholtsti-qarsy-aldy/