Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанат Элиманов Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасы болып қайта тағайындалды

Жарияланған күні:

Жанат Элиманов
Жанат Элиманов. Фото: primeminister.kz

Жанат Элиманов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліментінше, мемлекет басшысының жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.

ҰҚК сайтындағы мәліметке сүйенсек, Элиманов Жанат Қалдыбекұлы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

2000-2009 жылдары – прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды;

2009-2012 жылдары – Әділет министрлігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;

2012-2014 жылдары – Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;

2014-2017 жылдары – Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жедел-іздестіру қызметі департаментінің директоры;

2017-2019 жылдары – прокуратура органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;

2019-2020 жылдары – Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары;

2021-2024 жылдары – Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;

2024 жылғы ақпаннан бастап осы тағайындауға дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2161927-qarzhylyq-monitoring-agenttigining-toragasy-qyzmetinen-bosatyldy/