Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зейнетақы да, жалақы да аламын": зейнет жасындағы экология министрі отставкаға кете ме

Жарияланған күні:

Ерлан Нысанбаев
Ерлан Нысанбаев. Фото: primeminister.kz

Экология министрі Ерлан Нысанбаев мәжілістің жалпы отырысы аясында өткен баспасөз мәслихатында зейнет жасына жетсе де министрлік қызметтен кетпейтінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Тамызда 63 жасқа толған Ерлан Нысанбаевтан журналистер жастарға орын беріп, зейнеткерлікке кету жөнінде сұрады.

"Қазақта үлкенді құрметтеу керек. Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет. Жастардың жолын кесіп жатқан жоқпын. Мемлекет басшысы министрлік қызметімді ұзартты. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Барынша еліме пайда алып келуге тырысамын. Осы салада біраз жылдық еңбек тәжірбием бар. Өмірлік тәжірбие мен кәсіби тәжірбиеге құн жетпейтінін өздеріңіз де жас келе түсінесіздер",- деді ол.

Министр жұмыс істеуге күш-қуаты жететінін айтты.

"Менің ойымша, үлкен жастағылар да жұмыс істеуге құқылы. Менің күшім мен қуатым тасып тұр",- деді ол.

Сондай-ақ журналистер "зейнетақы да, жалақы да аласыз ба?" деп сұрады.

"Зейнетақы да, жалақы да аламын. Зейнетақым 160 мыңның айналасында. Әлі де есептеп жатыр. Архивтен жұмыс тәжірбием жинақталып жатыр",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2162827-zeinetaqy-da-zhalaqy-da-alamyn-zeinet-zhasyndagy-ekologiia-ministri-otstavkaga-kete-me/