Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Терроризмге қарсы қызметке жаңа басшы тағайындалды

Жарияланған күні:

ҰҚК эмблемасы
ҰҚК эмблемасы. Фото: gov.kz

Бақытбек Рахымбердиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарда.

Еске салсақ, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі орынбасарын лауазымынан босатқан еді.

Атап айтқанда, Руслан Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар Асқар Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2162925-baqytbek-rahymberdiev-ulttyq-qauipsizdik-komiteti-toragasynyng-orynbasary/