Тоқаев Қырғызстанмен өткізу пункттерінде сауда-логистикалық кешен құру туралы заңға қол қойды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанмен өткізу пункттерінде сауда-логистикалық кешен құру туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қырғыз Республикасының министрлер кабинеті арасындағы "Қарасу" және "Ақ-Тілек" автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2163052-toqaev-qazaqstan-men-qyrgyzstan-arasyndagy-kelisimdi-ratifikatsiialau-turaly-zangga-qol-qoidy/