Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрлігінің қызметіне толықтырулар енгізілді

Жарияланған күні:

Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрлігі. Көрнекі сурет: @modgovkz

Қорғаныс министрлігінің құзыреті мен атқаратын қызметіне енгізілген жаңа өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді. Бұл туралы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Үкімет 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жаңа қаулы қабылдады. Қайлыға сәйкес, Қорғаныс министрлігінің бірнеше маңызды функциялары мен ережелері қайта қаралып, жаңартылды. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов құжатқа қол қойды.

Енгізілген өзгерістер Қарулы Күштерде әскери медицина мамандарын даярлау, өртке қарсы қорғаныс ұйымдастыру, және әскери бөлімдердің жұмысын тиімді ұйымдастыру сияқты мәселелерді қамтиды.

Сонымен қатар әскери қызметшілер үшін білім беру жеңілдіктері бойынша конкурстық іріктеу ережелері, парашютсіз десант қондыру және таудағы даярлық нұсқаулықтары бекітілді.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Толық қаулыны мына сілтемеден оқуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2163312-qorganys-ministrligining-qyzmetine-tolyqtyrular-engizildi/