Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады

Жарияланған күні:

Ақорда
Ақорда. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекет басшысы күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Әли Алтынбаевты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметтің бастығы Бақытбек Рахымбердиев пен Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековті қабылдады.

Кездесуде мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғаларға тиісті ведомстволарда өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша бірқатар тапсырма берді.

Айта кетсек, бұған дейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болып Әли Алтынбаев, ҰҚК төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметтің бастығы болып Бақытбек Рахымбердиев, ІІМ орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы болып Аңсаған Балтабеков тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2163580-toqaev-kushtik-qurylym-basshylarynyng-zhangadan-tagaiyndalgan-orynbasarlaryn-qabyldady/