Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртаудың бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Жарияланған күні:

Ораз Тәуірбеков
Ораз Тәуірбеков. Фото: gov.kz

Теміртаудың бұрынғы әкімі Ораз Тәуірбеков Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қарағанды облысы әкімдігінің Instagram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, кадрлық өзгеріс туралы аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте хабарлаған.

"Құсайын Ерлан Бейсембайұлы басқа жұмысқа тағайындалуына байланысты атқаратын қызметінен босатылды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Тәуірбеков Ораз Қайсайұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Ораз Тәуірбеков әкімнің орынбасары лауазымында денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне жетекшілік етеді.

Ведомсвто өкілдерінің мәлімдеуінше, Ораз Тәуірбеков салық қызметінде жұмыс істеп, салық инспекторы қызметінен бірнеше өңірдегі облыстық басқармалардың басшысы қызметін атқарған. Сондай-ақ коммерция саласындағы басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар. Жеті жыл Қарағанды облысының Тексеру комиссиясының мүшесі болып жұмыс істеген.

Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын, қайта құрылғаннан кейін "Қарағанды облысының экономика басқармасы" ММ басқарған. Балқаш қаласының әкімі болған. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап осы тағайындауға дейін Теміртау қаласының әкімі қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2164653-temirtaudyng-buryngy-akimi-zhanga-qyzmetke-tagaiyndaldy/