Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінде маңызды кадрлық ауыс-түйіс жасады
Жарияланған күні:
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінде кадрлық ауыс-түйіс жасады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Марат Жұмабаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ Алмас Наймантаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар президент өкімімен Бақытбек Қосжанов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2164870-marat-zhumabaev-uqk-toragasynyng-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/