Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының оңайлатылған кедендік дәлізін құру туралы заңға қол қойды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының оңайлатылған кедендік дәлізін құру туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мемлекет басшысы "Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетсек, бұған дейін Тоқаев Қырғызстанмен өткізу пункттерінде сауда-логистикалық кешен құру туралы заңға қол қойған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2164953-toqaev-turki-memleketteri-uiymynyng-ongailatylgan-kedendik-dalizin-quru-turaly-zangga-qol-qoidy/