Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда әуе қорғанысы күштері қолбасшысы тағайындалды

Жарияланған күні:

Ақорда
Ақорда. Фото: t.me/aqorda_resmi

Қайрат Дәуітов Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Соынмен қатар мемлекет басшысының өкімімен Нұртас Дәулетұлы Қабақов Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, 23 қыркүйекте бұрынғы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінде маңызды кадрлық ауыс-түйіс жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2165164-aue-shabuylyna-qarsy-qorganys-askerlerining-qolbasshysy-lauazymyna-tagaiyndaldy/