Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Жанат Элиманов президентке бірқатар мәлімет берді. Атап айтқанда, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспардың жүзеге асырылу барысын баяндады.
Заңсыз кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық жүйенің FATF ұсынымдарына сәйкестендірілгенін айтты.
Президент агенттіктің жаңадан тағайындалған төрағасына көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге және қаржы саласының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2165221-toqaev-qarzhylyq-monitoring-agenttigining-toragasy-zhanat-elimanovty-qabyldady/