Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жылыту маусымы мен тасқынның салдары: Бектенов Тоқаевқа есеп берді

Жарияланған күні:

Олжас Бектенов президент қабылдауында
Олжас Бектенов президент қабылдауында. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Үкімет басшысы Олжас Бектенов президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, егін орағы және жылыту маусымына дайындық барысы туралы ақпарат берді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Оның есебінше, биылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында экономиканың өсімі 3,7 пайызды құраған, ал құрылыс (8,8%), көлік және қойма ісі (7,9%), байланыс (7,4%), сауда (5,5%), өңдеу өнеркәсібі (4,9%) секторларындағы көрсеткіш едәуір жақсарған;

Сондай-ақ ауыл шаруашылығын жеңілдікпен қаржыландыру көлемі 3 есе ұлғайып, 580 миллиард теңгеге жеткен. Бүгінде еліміз бойынша дәнді және бұршақты дақылдар алқабының 70,2 пайызы жиналып, 17,2 миллион тонна астық бастырылған. Диқандар арзан жанар-жағармаймен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген.

Президентке барлық өңірде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде баяндалды.

Әлеуметтік нысандардың дайындығы жоғары деңгейде. Тұрғын үйлерді жылыту маусымына әзірлеу жұмыстары 98,3 пайызға орындалған. Электр станцияларына жыл сайын 60 миллион тонна көмір қажет. Қазір оның қажетті қоры бар.

Сондай-ақ су тасқыны салдарын жою жөніндегі бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы мен келесі жылы су тасқыны жағдайының алдын алу шаралары туралы айтты.

"Зардап шеккендердің барлығына әлеуметтік қолдау көрсетіліп, бүлінген дүние-мүлкі үшін өтемақы төленген, баспанасынан айырылғандарға 5767 тұрғын үй сатып алынды және 2576 жаңа үй салынған. Ақмола мен Батыс Қазақстан облыстарындағы 104 нысанда жұмыс аяқталуға жақын. су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары жүзеге асырылып жатыр", - деп есеп берді Бектенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2165421-prezident-premer-ministr-olzhas-bektenovti-qabyldady/