Руслан Сарқұлов ҰҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Руслан Сарқұлов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарда.
Еске салсақ, бұған дейін Марат Жұмабаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалған еді.
Сондай-ақ Алмас Наймантаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар президент өкімімен Бақытбек Қосжанов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2165718-ruslan-sarqulov-uqk-toragasynyng-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/