Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маңызды, уақыт сынынан өткен дос": Александр Лукашеноко Қазақстан туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Александр Лукашенко
Александр Лукашенко. Фото: Contributor / Getty Images

Президент Александр Лукашенко елшілерге сенім грамоталарын табыстау барысында Қазақстанды "Беларусь үшін маңызды, уақыт сынынан өткен дос, стратегиялық серіктес және одақтас ел" деп атады. Бұл туралы news.bу ақпараттық порталына сілтеме жасған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Беларусь президенті қазір екі елдің ортақ мүддесі жоқ салалар жоқтың қасы екеніне назар аударды.

Александр Лукашенконың айтуынша, ынтымақтастықтың жоғары серпіні жыл сайынғы миллиардтаған тауар айналымы мен өнеркәсіптік кооперациядағы табысты жобалардан көрінеді.

Александр Лукашенко Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығы кезінде Беларусь еліне көрсетілген жан-жақты қолдауы үшін тағы да алғысын білдірді.

Еске салсақ, бұған дейін сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Беларусь Республикасының елшісі Павел Утюпинмен кездескенін жазған едік.

Кездесу барысында министр Беларусь тарабын қазіргі процестерге қатысты Астананың ұстанымын объективті бағалауға шақырғаны мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2168187-mangyzdy-uaqyt-synynan-otken-dos-aleksandr-lukashenoko-qazaqstan-turaly-pikir-bildirdi/