Денис Шипп Жоғарғы сот судьясы болып сайланды
Жарияланған күні:
Читать на русскомОтырыста сенат депутаттары Жоғарғы сот судьясы лауазымына Денис Шипптің кандидатурасын қолдап, дауыс берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Отырыста Денис Алексеевич Шипптің кандидатурасын президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынғаны айтылды. Сенат депутаттары бұл ұсынысты қолдады.
"Қаулы қабылданды, Денис Алексеевич, сізді Жоғарғы соттың судьясы лауазымына сайлануыңызбен құттықтаймыз", - деді дауыс беруден кейін сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Денис Шипп 1968 жылы 27 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Омбы мемлекеттік университетінің заң факультетін, академик Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетін бітірген.
Кәсіби мансабын ағылшын тілінің аудармашасы болып бастаған. Әр жылдары СҚО агроөнеркәсіптік комитетінде жұмыс істеген. Сондай-ақ салық полициясында инспектор, СҚО қаржы полициясы департаменті тергеу басқармасының төрағасы қызметін атқарған.
Ал судья қызметін Петропавл қалалық сотынан бастаған. Кейін Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының судьясы, Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының төрағасы болған.
2015 жылдан жаңа қызметіне дейін Жоғарғы соттың судьясы болған.
2015-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы cотының судьясы, Мамандандырылған сот алқасының мүшесі.
2021 жылғы маусымнан 2024 жылғы 19 қыркүйекке дейін Жоғары сот кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2169127-denis-shipp-zhogargy-sot-sudiasy-bolyp-sailandy/