Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Германия президентін құттықтады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен  Франк-Вальтер Штайнмайер
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен барша Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады.

Президент Германия Федеративтік Республикасының өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Қазақстан мен Германияның дәстүрлі достық пен өзара тиімді серіктестік рухындағы ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайердің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Германия халқына бақ-береке тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2169387-toqaev-germaniia-prezidentin-quttyqtady/