Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің есебін тыңдады

Жарияланған күні:

Ақорда
Ақорда. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесуде Мұрат Нұртілеу президентке бірқатар мәлімет берді. Атап айтқанда:

  • министрліктің атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берді;
  • Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының жұмысы, сондай-ақ Болашақ саммитінің қорытындысы жөнінде баяндады;
  • БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, шет мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшыларымен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен келіссөз жүргізгенін айтты.

Кездесуде Қазақстан президентінің қатысуымен алдағы уақытта өтетін халықаралық іс-шаралардың кестесі қарастырылды.

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігіне ведомство қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2169499-memleket-basshysy-syrtqy-ister-ministri-murat-nurtileudi-qabyldady/