Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мопедтерді тіркеуге қою міндеттелді: президент заңға қол қойды

Жарияланған күні:

Мопед жүргізушісі
Мопед жүргізушісі. Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сенат сайтындағы ақпаратқа сәйкес, заңнамалық жаңалықтар көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысы кезінде туындайтын мәселелерді құқықтық реттеудің тиімділігін арттыруға және жол апаттарын азайтуға арналған.

Мәселен, құжаттарда көрсетілген нормаларға сәйкес мопедтер механикалық көлік құралдарының тізбесіне енгізіліп, олар үшін міндетті мемлекеттік тіркеуді белгілеу көзделген.

Сондай-ақ көлік жүргізушілерін оқытумен қатар жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін күшейтуге арналған бірқатар қосымша талап енгізіліп отыр.

Сонымен қатар "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң арқылы ҚР ӘҚБтК-нің 15 бабына түзетулер енгізу қарастырылған.

Оның ішінде көлік құралының белгіленген қозғалыс жылдамдығынан рұқсат етілген мөлшерден сағатына 60 және одан да көп километрге асқан жүргізушілер үшін неғұрлым қатаң әкімшілік жауапкершілік көзделген. Сондай-ақ қайталама құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің қосымша шаралары және басқа да тетіктер қолға алынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2169516-prezident-eki-zangga-qol-qoidy/