Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенат депутаты Ләззат Қалтаеваның өкілеттігі тоқтатылды

Жарияланған күні:

Ләззат Қалтаева
Ләззат Қалтаева. Фото: сенат отырысының онлайн көрсетілімі

Сенат депутаты Ләззат Қалтаеваның өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы сенатор Қалтаеваның өкілеттігін тоқтату туралы тиісті жарлыққа қол қойды.

Айта кетейік, Ләззат Қалтаева 2022 жылдың қаңтарында парламент Сенатының депутаты болып тағайындалған болатын.

2022 жылдың ақпан айында Қалтаева депутаттық ант қабылдады. Бұдан кейін Сһсенат спикері Мәулен Әшімбаев бұл қызметке мүмкіндігі шектеулі жанның алғаш рет тағайындалып отырғанын атап өтті.

Қазақстан Республикасы сенатының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Ләззат Қалтаева 1965 жылы 4 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын және Каспий қоғамдық университетін бітірген.

Әр жылдары Алматы қаласы Фрунзе аудандық мүгедектер қоғамының хатшысы, Алатау ауданы мүгедектер қоғамының "Тұмар" шағын кәсіпорнының маркетинг инженері, "Виктория" шағын кәсіпорнының маркетинг инженері болып жұмыс істеді.

2001 жылдан 2002 жылға дейін Алматыдағы "Шырақ "мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы болды.

2016 жылдан 2021 жылға дейін Алматы мәслихатының депутаты, 2022 жылдан бастап сенат депутаты болды.

2015 жылы "Құрмет" орденімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2169660-senat-deputaty-lazzat-moldabekqyzynyng-qyzmeti-toqtatyldy/