Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі еуропалық комиссияның президентін қабылдады (фото)

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Франческо Депаскуале
Қасым-Жомарт Тоқаев, Франческо Депаскуале. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі еуропалық комиссияның президенті Франческо Депаскуалені қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Қазақстан Республикасы Судьяларының IX съезі аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі еуропалық комиссияның (CEPEJ) президенті Франческо Депаскуалемен кездесіп, сот жүйесінің реформасы жөнінде пікір алмасты.

"Президент Ұйым сот төрелігінің халықаралық стандарттарын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, Қазақстан тарапы құқық қорғау механизмдерінің озық тәжірибесін отандық сот жүйесіне енгізуге айрықша мән беретініне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде құқықтық және демократиялық қағидаттарға арқа сүйейтін мемлекет құру үдерісі қарқынды жүріп жатқанын айтты. Бұл ретте сот жүйесін реформалау және заң үстемдігін қамтамасыз ету өте маңызды рөл атқарады", - делінген ресми ақпаратта.

Франческо Депаскуале
Франческо Депаскуале. Фото: akorda.kz

Өз кезегінде Франческо Депаскуале адам құқықтары мен сот төрелігінің тиімділігін қамтамасыз ету мәселесінде ынтымақтастыққа әрдайым дайын екенін жеткізіп, Қазақстанда осы салада жүргізіліп жатқан реформаларды оң бағалады.

Еске салсақ, бүгін Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезі өтіп, онда президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Мемлекет басшысы соттардың қызметін одан әрі жетілдірудегі басым міндеттерге назар аударды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2169925-toqaev-sot-toreligining-tiimdiligi-zhonindegi-europalyq-komissiianyng-prezidentin-qabyldady/