Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АЭС құрылысы бойынша референдум: Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді (видео)

Жарияланған күні:

Нұрсұлтан Назарбаев АЭС дауыс беруде
Нұрсұлтан Назарбаев АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс беруде. Видеодан кадр: NUR.KZ

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Еліміздің тұңғыш президенті "Астана опера" ғимаратында орналасқан №256 референдум учаскесіне барып, дауыс берді.

Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерінің алдына шықпады, тек жиналғандар алдында қысқа ғана сөйледі.

"Бақытты болындар, табысты болындар. Жарай ма?" - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Оған 18 жасқа толған ел азаматтары қатыса алады. Республикалық референдумда қазақстандықтар елге атом электр станциясы (АЭС) қажет пе, жоқ па деген шешімді қабылдауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2170434-aes-qurylysy-boiynsha-referendum-nursultan-nazarbaev-dauys-berdi/