Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облыстық ПД-ның экс-бастығы Әленов ІІМ-нің бірінші орынбасары болды

Жарияланған күні:

Бауыржан Әленов
Бауыржан Әленов. Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Бауыржан Әленов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Төлегенұлы Әленов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратта.

Алматы облыстық полиция департаментінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, полиция полковнигі Әленов Бауыржан Төлегенұлы 1976 жылы 8 қарашада Көкшетау облысында (қазіргі Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағы) дүниеге келген. Білімі – құқықтану, заң ғылымдарының магистрі.

2004 жылы "Фемида" заң институтын, 2012 жылы Қарағанды ​​заң институтының магистратурасын тәмамдаған.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1997 жылғы мамырдан бастаған.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 тамызға дейін Ішкі істер министрлігі Жедел қызмет департаментінің бастығы қызметін атқарды.

Ал 2022 жылғы тамыздан бастап Алматы облысының полициясын басқарып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2170767-bauyrzhan-alenov-ishki-ister-ministrining-birinshi-orynbasary-lauazymyna-tagaiyndaldy/