Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ресей президентін туған күнімен құттықтады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Владимир Путин
Қасым-Жомарт Тоқаев және Владимир Путин. Фото: Telegram/Bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ақпаратына сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдаған.

Айта кетейік, бүгін Ресей президенті Владимир Путин 72 жасқа толып жатыр.

Кремльдің ресми ақпаратына сүйенсек, Путин 1952 жылы 7 қазан күні Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург) Шеломова Мария Ивановна мен Путин Владимир Спиридоновичтің отбасында дүниеге келген.

Владимир Путин Ресей президенті ретінде бес рет: 2000, 2004, 2012, 2018, 2024 жылдары сайланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2171194-toqaev-resei-prezidentin-tugan-kunimen-quttyqtady/