Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі қызметінен босатылды

Жарияланған күні:

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы. Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды", - делінген Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратта.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған кентінде дүниеге келген.

1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Тарих" мамандығы бойынша тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. 2017 жылы "Өңірлік және муниципиалдық менеджмент" мамандығы бойынша MBA дәрежесін РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (Мәскеу қ.) қорғаған. 10 кітаптың және қазақстандық және шетелдік ғылыми басылымдардағы 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.

Берік Әбдіғалиұлы әр жылдары Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ғылыми қызметкері, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары болған. Баспа және бұқаралық ақпарат ісі жөніндегі ұлттық агенттігінде, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде қызмет атқарған.

Сондай-ақ ол Қауіпсіздік кеңесінің Талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімінің орынбасары, Ұлттық зерттеулер институтының директоры, "Саяси ағарту қоры" ҚҚ президенті, "Атамекен" кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағында кеңесші, "Атамекен" ұлттық даму орталығы" ЖШС директоры, Президент Әкімшілігінің бас инспекторы, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, "Мемлекеттік тілді дамыту қоры" ҚҚ директоры, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі, Жезқазған қаласының әкімі, 1-вице-премьердің кеңесшісі, Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Президент жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі, бас ғылыми қызметкер, ҚР Қарулы күштері Әскери-тарихи музейінің бас ғылыми қызметкері, Ұлттық музейдің "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

VII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болған.

2022 жылғы маусымда Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2171838-berik-abdigaliuly-ulytau-oblysynyng-akimi-lauazymynan-bosatyldy/