Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Марат Қожаев сенатта ант берді

Жарияланған күні:

Марат Қожаев
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бұрынғы ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев бүгінгі сенат отырысында ант берді. Ол комитеттердің бірінің құрамына сайланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін", - деді ол.

Айта кетейік, Қожаев Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі тұрақты комиссияның құрамына сайланды.

Еске салсақ, Марат Қожаев таяуда ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылған еді. Артынша президент жарлығымен сенат депутаты болып тағайындалды.

ІІМ сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Марат Қожаевтың білімі жоғары, 1989 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 2001 жылы ҚР ІІМ Академиясын тәмамдаған.  

1984 жылдан бастап Алматы облысы ІІБ Қаскелең ауданының ІІБ уақытша ұстау изоляторының милиционері болды.

Әр жылдары тергеу қызметінде, оның ішінде Алматы облысы ІІБ басшылық лауазымдарында жұмыс істеді, Алматы қаласы ІІД бастығының орынбасары, ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы, Павлодар облысы ІІД бастығы, Нұр-Сұлтан қаласы ПД бастығы болған.

2019 жылғы 6 сәуірде Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2172430-ishki-ister-ministrligi-basshysynyng-buryngy-orynbasary-marat-qozhaev-senat-deputaty-retinde-ant-qabyldady/