Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ақордада Армения президенті Ваагн Хачатурянды қарсы алды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Ваагн Хачатурян
Қасым-Жомарт Тоқаев, Ваагн Хачатурян. Фото: akorda.kz

Ақорда резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Армения президенті Ваагн Хачатурянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасындағы мәліметке сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения президенті Ваагн Хачатурян елімізге ресми сапармен келетінін жазған едік.

Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективалары талқыланатыны айтылды.

Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2174436-toqaev-aqordada-armeniia-prezidenti-vaagn-hachaturiandy-qarsy-aldy/