Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Хачатурян Арменияның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ашылу салтанатына қатысты (фото)

Жарияланған күні:

Тоқаев пен Хачатурян Арменияның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ашылу салтанатында
Тоқаев пен Хачатурян Арменияның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ашылу салтанатында. Фото: t.me/aqorda_resmi

Екі ел басшылары Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Арменияның мәдениет күндеріне орай ұйымдастырылған салтанатты концертке барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президенттер, ең алдымен, даңқты армян кинорежиссері және суретшісі Сергей Параджановтың 100 жылдық мерейтойына арналған театр фойесіндегі фотокөрмені тамашаладыү

Концертте Арменияның Мемлекеттік джаз оркестрі мен Инга Аршакян, Гор Суджян секілді өнерпаздары әлемге әйгілі армян композиторлары Комитастың, Шарль Азнавурдың, Жорж Гарваренцтің және Арно Бабаджанянның музыкалық шығармаларын орындады.

Сонымен қатар 15-16 қазан күндері Астанада Армения киносының күндері өтеді. Ал Сос Саркисян атындағы "Амазгаин" театры көрермен назарына Даниил Хармс шығармасының желісімен қойылған "Лю-Беф" спектаклін ұсынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2174637-toqaev-pen-hachaturian-armeniianyng-qazaqstandagy-madeniet-kunderining-ashylu-saltanatyna-qatysty-foto/