Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әрдайым референдум өткізуге міндетті емес": Жұманғарин бұрынғы уақыт белдеуін қайтару мәселесіне пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Серік Жұманғарин
Серік Жұманғарин. Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бұрынғы уақыт белдеуін қайтару мәселесіне пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Брифингте уақыт белдеуіне қатысты сұрақ қойған журналист елде уақытты өзгерткенге дейін қазақстандықтардан мұндай өзгеріске келісетін-келіспейтіні сұралмағанын атап өтті.

"Шешім қабылдау регламенті бар. Үкімет қандай да бір шешім қабылдар кезде әрдайым мемлекеттік референдумдар өткізуге міндетті емес. Алқалы орган сол үшін құрылған. Бұл жағдайда шешім қабылдар алдында қажет зерттеулер жүргізілді, шешім белгіленген тәртіпте қабылданды.

Осыдан кейін регламент аясында петиция түсті. Петиция белгіленген тәртіпте қаралып, тиісті топтар барлық оң және теріс жағын қарады. Соңғы шешім қабылданды. Бұл жерде ешқандай регламент бұзылған жоқ", - деді Серік Жұманғарин.

Ерте қараңғы түсетіні, электр қуаты шығынының артуы және жаңа уақыт белдеуінің денсаулыққа әсері туралы шағымдарға қатысты вице-премьер Серік Жұманғарин бұған орташа мерзімді перспективада баға беруді ұсынып, үкімет өкілдері бұл мәселеге қайта пікір білдіруге ниетті емес екенін алға тартты.

"Қандай да бір ықпалы бар-жоғын қысқа мерзімді емес, орта мерзімді перспективада зерттеп көрейік. Қазір үкімет бұл мәселені көтеріп, қайта пікір білдіруге ниетті емес. Егер әрдайым регламенттен ауытқып кететін болсақ... Шешім болды, петиция түсті, петиция қаралды, шешім бекітілді деп ойлаймын. Осы жерден тоқтауымыз керек деп ойлаймын", - деді Жұманғарин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2177730-ardaiym-referendum-otkizuge-mindetti-emes-zhumangarin-buryngy-uaqyt-beldeuin-qaitaru-maselesine-pikir-bildirdi/