"Бұл менің жеке өмірім": Серік Жұманғарин үкімет басшысы болу туралы сұраққа жауап беруден бас тартты
Жарияланған күні:
Читать на русскомҮкімет брифингінде Серік Жұманғаринге "Премьер-министр болғыңыз келе ме?" деген сұрақ қойылды. Жұманғарин бұл жеке басқа қатысты сұрақ екенін айтып, жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Серік Жұманғарин журналистің "Премьер-министр болғыңыз келе ме?" деген сұрағына жауап беруге құлықсыз екенін білдірді.
"Бұл сұраққа жауап бермеймін, жалпы, менің қызметіме қатысы жоқ жеке сипаттағы сұрақтарға жауап бермеймін.
Кімнің амбициясы? Менің бе? ("Сіздің" – журналистің жауабы) Мен бұл сұраққа жауап бермеймін, себебі бұл менің жеке дүниетанымыма қатысты сұрақ. Біз қандай да бір қоғамдық келісімде өмір сүріп жатырмыз. Біз мұнда не үшін келдік (брифингтерге – ред. ескертпесі)? Сізбен әңгіме-дүкен құруға келмеген шығармыз.
Бізде нұсқау бар, мемлекет басшысы үкімет халықтың үніне құлақ асуы керек екенін айтты. Біз өз ұстанымымызды халыққа қалай жеткізе аламыз? Тек сіздер арқылы – "төртінші билік" арқылы. Сондықтан бір-бірімізбен кәсіби түрде сөйлесейік, оған менің амбицияларымның қандай қатысы бар, менің нені қалайтыным, нені қаламайтыным кімге қызық?", - деді ол.
Вице-премьер "мұндай әңгіме-дүкенді тоқтату керек" екенін айтты. Журналист сұрақты басқаша қоюды жөн санап, Серік Жұманғариннен қызметінен босатылған жағдайда немен айналысуды жоспарлап отырғанын сұрады.
"Айналысатын іс табылады. Бұл менің жеке өмірім. Мұның сізге қатысы болмаса керек. Кәсіби тақырыптарда сөз қозғайық", - деп жауап берді Жұманғарин.
Айта кетейік, брифингте вице-премьерге бұрынғы уақытты қайтаруға қатысты да сұрақ қойылды. Серік Жұманғарин бұл мәселені орташа мерзімді перспективада зерттеп көруді ұсынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2177780-bul-mening-zheke-omirim-serik-zhumangarin-ukimet-basshysy-bolu-turaly-suraqqa-zhauap-beruden-bas-tartty/