Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауыл шаруашылығы министрлігі құрылымында мүдделер қайшылығы бар": сенатор жаңа мемлекеттік орган құруды ұсынды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Даладағы сиыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгінгі отырыста сенат депутаты Арман Өтеғұлов депутаттық сауалында Қазақстанда жаңа мемлекеттік орган құруды ұсынды. Бұл жөнінде сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сенаттың Telegram-дағы арнасында жарияланған депутаттық сауалында сенатор Өтеғұлов президент сонау 2021 жылы үкіметке ветеринария жүйесін реформалауды тапсырғанын, сол жылы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданғанын еске салған. Алайда бұл шаралар, депутаттың айтуынша, эпидемиологиялық жағдайға әсер еткен жоқ, бұл мәселе әлі де алаңдаушылық туғызып отыр.

"Мәселен, қыркүйекте Алматы облысында ондаған адам сібір жарасын жұқтырса, Маңғыстау облысында мектеп оқушыларының жаппай тамақтан уланғаны анықталды. Өңірлерде мезгіл-мезгіл ерекше қауіпті жұқпалы аурудың өршуі тіркеледі

Бұл жайттар халықтың денсаулығына нұқсан келтіріп қана қоймай, отандық өнім бойынша әлемдік нарықтағы сенімге нұқсан келтіреді", - дейді Өтеғұлов.

Ол Қазақстан ет және ет өнімдерін басқа елдерге, соның ішінде Еуропаға экспорттайтынын баса айтты.

"Бұл жағдайды талдау басты себептердің бірі мемлекеттік органның тиімсіз құрылымы екенін көрсетеді. Функциялардың шашыраңқылығы, мүдделер қайшылығы проблемаларды тиімді шешуге кедергі келтіреді. Ауыл шаруашылығы министрлігі әртүрлі қарама-қарсы міндеттерге ие бола отырып, ветеринария саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын қалай сәтті іске асырып отыр? Оның құрылымында қазірдің өзінде мүдделер қайшылығы бар. Бұл эпидемиологиялық жағдайдың нашарлау фактілерін жасыруға алып келеді", - дейді сенатор.

Өтеғұловтың айтуынша, мұның барлығы жағдайды бір ведомствоның екінші ведомствоға аудара салуына, жауапкершілік алмауына әкем соқтырады.

Осы орайда ол санитарлық және жалпы азық-түлік қауіпсіздігіне жауапты бірыңғай орган құруды ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2178494-auyl-sharuashylygy-ministrligi-qurylymynda-muddeler-qaishylygy-bar-senator-zhanga-memlekettik-organ-qurudy-usyndy/