Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қатар әмірімен телефон арқылы сөйлесті

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев, шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни
Қасым-Жомарт Тоқаев, шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни. Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Мемлекеттер басшылары сауда-экономика және инвестиция салаларындағы қазақ-қатар ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін, сондай-ақ жыл басында қол қойылған Ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі келісімді жүзеге асыру барысын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан мен Қатар арасындағы қарым-қатынас нақты стратегиялық және өзара тиімді сипат алғанын атап өтті.

Қазақстан президенті Қатар әмірі шақырған Doha Forum 2024 конференциясына қатысатынын растады.

Тараптар екі ел арасындағы тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2180865-toqaev-qatar-amirimen-telefon-arqyly-soilesti/