Тоқаев алдағы уақытта Францияға мемлекеттік сапармен барады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция елшісі Сильван Гиогені қабылдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция елшісін жаңа қызметімен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы екіжақты қатынастардың өте белсенді даму кезеңімен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен арадағы ынтымақтастықты жан-жақты тереңдетуге ниетті екенін жеткізіп, елші Сильван Гиогенің жауапты қызметіне табыс тіледі.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы уақытта Франция Республикасына жасайтын мемлекеттік сапарының жай-жапсары талқыланды.
Президент аталған сапар Астана мен Париж арасындағы байланыстардың келешегін айқындап, қазақ-француз стратегиялық серіктестігінің нығаюына тың серпін беретініне сенім білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2181863-toqaev-frantsiia-elshisi-silvan-giogeni-qabyldady/