Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана мен Париж ынтымақтастығы: Тоқаев Францияға қандай мақсатпен барғалы отырғанын айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қасым-Жомарт Тоқаев, Эммануэль Макрон
Қасым-Жомарт Тоқаев, Эммануэль Макрон. Фото: akorda.kz

Францияның Le Figaro газетінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарияланды. Онда пезидент Астана мен Париждің бірлескен жобалары туралы сөз қозғап, Францияға мемлекеттік сапарының мақсаттарын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Біз президент Эмманюэль Макронмен бірлесіп, осы жылдың желтоқсан айында су ресурстарына қатысты барлық сын-қатер бойынша ынтымақтастықты күшейту мақсатында және БҰҰ-ның орнықты дамуының ең маңызды мақсаты – "Барлығына таза су және санитарияға" қол жеткізу үшін One Water Summit бастамасын өткізуге қуаныштымыз".

Бұдан бөлек тату көршілік қағидатын берік ұстану бізге Қазақстан мен Каспий теңізі арқылы Азия мен Еуропаны байланыстыратын стратегиялық жоба – "Орта дәліз" сияқты жобалар арқылы өңіраралық интеграцияны дамытуға мүмкіндік береді", - делінген президент мақаласында.

Мақалада тек сауда жолдарын кеңейту ғана емес – екі ел әртүрлі аймақтар арасындағы өзара тиімді экономикалық байланыстарды ілгерілету үшін ынтымақтастық рухын нығайтуды қарастырып отырғаны атап өтілген.

"Мұндай күш-жігер Еуропаның және Францияның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды, бұл біздің екіжақты қарым-қатынасымыздың маңызды аспектісі. Табиғи уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы болып саналатын Қазақстан французатом өнеркәсібінің сенімді серіктесі мәртебесін сақтап қалады деген үмітте", - делінген Тоқаевтың мақаласында.

Сондай-ақ президент Эмманюэль Макронның өткен жылғы қарашадағы Астанаға сапары барысында екі ел сирек жер металдары, жаңартылатын энергия және азаматтық атом энергетикасы салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылық танытқаны, бұл стратегиялық әріптестіті кеңейтудің жаңа перспективаларын ашатыны айтылған.

"Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы атом электр стансасын салу бойынша жақында өткен жалпыхалықтық референдумның оң нәтижесі болашақта өзара тиімді ынтымақтастықтың берік негізін қалайды. Әрина, бұл да жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді.

Бұл қазіргі тұрақсыздық жағдайында өте маңызды. Сондықтан Қазақстан сияқты орта державалар көпжақты диалогты ілгерілету және жаһандық және аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін өз мүмкіндіктерін пайдалануы қажет", - делінген мақалада.

Тоқаев мақаласында "Қазақстан әрқашан белсенді, прагматикалық және теңгерімді сыртқы саясатты жүргізетіні және барлық мемлекетпен ынтымақтастықты нығайта отырып, осы үдеріске белсенді түрде үлес қосуға ниетті" екенін жазады.

"Біз халықаралық аренада сөзсіз беделге ие және үлкен дипломатиялық тәжірибеге ие Франциямен жұмыс істеуге сенім артамыз. Біз бірге қауіпсіз қатар өмір сүруге, өзара тиімді ынтымақтастық пен жалпыға бірдей прогреске кепілдік бере отырып, тұрақты және гүлденген әлем құруға үлесімізді қоса аламыз.

Дәл осы көзқараспен мен Франция Республикасы президентінің шақыруымен қарым-қатынастарымыздың тарихында алғаш рет Парижге мемлекеттік сапарымды жасағалы отырмын", - делінген мақалада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2182899-astana-men-parizh-yntymaqtastygy-toqaev-frantsiiaga-qandai-maqsatpen-bargaly-otyrganyn-aitty/