Тоқаев пен Макрон кездесуі аясында қандай құжаттарға қол қойылды
Жарияланған күні:
Бүгін Қазақстан мен Франция президенттері стратегиялық серіктестікті одан әрі жандандыруға бағытталған Бірлескен декларация қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ақорадының Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет боойынша, бұдан кейін мемлекеттер басшыларының қатысуымен мынандай құжаттарға қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Француз Республикасының үкіметі арасындағы реадмиссиялау туралы келісім;
2. Аса маңызды материалдар мен ресурстар бойынша Қазақстан мен Францияның стратегиялық ынтымақтастығының жол картасы
3. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы мен Société Generale S.A. компаниясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
4. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мен Alstom Transport SA компаниясы арасындағы 6 осьті электровоздар бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
5. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен Ұлттық превентивті археологиялық зерттеулер институты (INRAP) арасындағы археология саласындағы ынтымақтастық туралы келісім хаттамасы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парижге мемлекеттік сапары аясында екі ел делегациясының мүшелері 36 құжатқа қол қойды. Оның ішінде жалпы сомасы 2,2 миллиард доллар болатын 1 үкіметаралық, 21 ведомствоаралық және 14 коммерциялық құжат бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2183384-toqaev-pen-makronnyng-kezdesuinen-keiin-qandai-quzhattarga-qol-qoiyldy/