Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экология саласындағы келісімді ратификациялады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.
Келісім қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және тиісінше Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.
Бұған қоса келісімде Арал бассейніндегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша бірлескен шаралар әзірлеу көзделген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2184567-toqaev-qazaqstan-men-ozbekstan-arasyndagy-qorshagan-ortany-qorgau-salasyndagy-yntymaqtastyq-turaly-kelisimdi-ratifikatsiialady/