Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысы полициясының экс-басшысы ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Санжар Әділов
Санжар Әділов. Фото: gov.kz

Санжар Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

Санжар Әділов 1977 жылы 26 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 2006 жылы Экономика және құқық академиясын бітірген.

2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әскери тергеу комитеті бастығының орынбасары, бастығы.

2013-2019 жылдары – Астана қаласы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары.

2019-2023 жылдары – Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы.

2023 жылдан 2024 жылғы наурызға дейін – Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің бастығы.

Наурыз айынан бастап Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды ​​академиясын басқарып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2185668-toqaev-ishki-ister-ministining-orynbasaryn-tagaiyndady/