Тоқаев Польша президентіне жеделхат жолдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша президенті Анджей Дудаға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
"Президент жеделхатында Қазақстан мен Польша арасындағы байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара ықпалдастық екі елдің игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірген", - делінген ресми ақпаратта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуда мен Польша халқына құт-береке тіледі.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Польша президенті Анджей Дудадан Республика күніне орай құттықтау жеделхаты келген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2185673-toqaev-polshaga-zhedelhat-zholdady/