Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы Іле ауданына жаңа әкім тағайындалды

Жарияланған күні:

Қайыржан Жақсымбетов
Қайыржан Жақсымбетов. Фото: gov.kz

Президент Әкімшілігінің және Іле ауданы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша, Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайыржан Жақсымбетов Іле ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдіктің ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Қайыржан Серікбайұлы 1975 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын "өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс" мамандығы бойынша, ал 2004 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін "заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Жамбыл облысында "Жамбылагропромстрой" АҚ құрылыс учаскесінің бригадирі қызметінен бастаған.

Әр жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласындағы "Сарыарқа" ауылшаруашылығы кәсіпорнының вице-президенті, Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында ғимараттарды реконструкциялауды және қайта жоспарлауды бақылау бөлімдерінің бас маманы мен басшысы, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің бастығы, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары, Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ Алматы облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болған.

Еске салсақ, бұған дейін желіде Алматы облысы Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаев қызмет бабын және өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері растаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2189516-almaty-oblysyndagy-ile-audanyna-zhanga-akim-tagaiyndaldy/