Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру жоспарланған ба: қаржы министрі жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қызметкер
Қызметкер. Көрнекі фото: Pexels.com

Мәжіліс кулуарында қаржы министрі Мәди Тәкиев қазақстандық шенеуніктердің жақын арада жалақысы көтеріле ме деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Мәди Тәкиев журналистердің тиісті сауалына берген жауабында мұндай мәселе Қаржы министрлігінде қаралмағанын мәлімдеді.

"Жоқ, бұл талқыланбады және қаралмады", - деп жауап берді ол.

Айта кетейік, Қаржы министрлігі өкілдері 2025 жылы кім декларация тапсыруы керек екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беруге тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірген болатын.

Қазан айының соңында қаржы министрі Мәди Тәкиев қазір бюджет қаражатын үнемдеген мемлекеттік органдар сыйақы берілмейтінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2190102-memlekettik-qyzmetkerlerding-zhalaqysyn-koteru-zhosparlangan-ba-qarzhy-ministri-zhauap-berdi/