Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді (фото)

Жарияланған күні:

Премьер
Олжас Бектенов. Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау, көлік, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің басшылығымен мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізген.

"Премьер-министр қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтерін тыңдап, мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндет қойды.

Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі және басқа да мәселелерге назар аударылды", - делінген ресми ақпаратта.

Украинадағы жағдайға байланысты өткен шұғыл жиын
Бектеновтің қатысуымен өткен шұғыл жиын. Фото: primeminister.kz

Сондай-ақ уәкілетті құрылымдардың басшылығына президенттің қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуын ерекше бақылауда ұстау және жағдайдың өзгеруі туралы шұғыл режимде баяндау тапсырылғаны мәлім болды.

Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған еді.

Еске салсақ, 21 қарашада Ресей президенті Владимир Путин ATACMS 6 зымыраны мен Storm Shadow жүйесімен Курск пен Брянск облыстарындағы нысандарға соққы жасалғанын айтып, Украинадағы қақтығыс ғаламдық сипатқа ие болғанын мәлімдеген.

Путин осы үндеуінде Ресей Украинаға соққы жасау кезінде орташа қашықтыққа ұшатын жаңа "Орешник" қаруын қолданғанын айтқан. Әскери-өнеркәсіп нысанына жасалған соққы оны жойды, дейді Путин.

17 қарашада АҚШ президенті Джо Байден Украинаға қашыққа ұшатын ATACMS зымырандарымен Ресей аумағын шабуылдауға рұқсат бергені мәлім болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2191008-premer-ministr-bektenov-ukraina-tongiregindegi-zhagdaiga-bailanysty-shugyl-zhiyn-otkizdi/