Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы тағайындалды

Жарияланған күні:

Руслан Омаров
Руслан Омаров. Фото: gov.kz

Қорғаныс министрінің бұйрығымен полковник Омаров Руслан Серікханұлы Абай облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Руслан Серікханұлы 1978 жылы Семей облысында дүниеге келген.

Б. Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернатының түлегі.

1999 жылы Түркия Республикасы Құрлық әскерлерінің әскери академиясын ("басқару жүйесінің инженері"), 2000 жылы Түркия Республикасының артиллерия мектебін тәмамдаған.

2018 жылы Ұлттық қорғаныс университетін "Әскери істегі менеджмент" мамандығы бойынша бітірген.

Қарулы күштерінде взвод командирінен бастап, құраманың артиллерия штабының бастығына дейінгі лауазымдарда қызмет етті.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінде Зымыран әскерлері және артиллерия штабында жауынгерлік дайындықты басқарды.

Жаңа тағайындауға дейін ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының (цифрландыру жөніндегі) орынбасары қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2192270-abai-audany-boiynsha-qorganys-isteri-zhonindegi-departamentting-basshysy-tagaiyndaldy/