Эмомали Рахмон Астанаға келді (фото)
Жарияланған күні:
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға келді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Тәжікстан президентін күтіп алу рәсімінің суреттерін үкіметтің баспасөз қызметі жариялады.
Бүгін, 28 қарашада Астанада ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді.
Ал кеше, 27 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді қарсы алды.
Сонымен қатар Беларусь президенті Александр Лукашенко келді. Одан бөлек Қазақстан астанасына Қырғызстан президенті Садыр Жапаров та келді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2193677-emomali-rahmon-astanaga-keldi/